ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясындағы жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған екінші білім беру алаңы өз жұмысын бастады.
Іс- шараға еліміздің 11 облысынан жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері қатысуда.
Қостанайда NEET санатындағы жастармен жұмыс істеуге бағытталған үш күндік оқыту семинары басталды. Ресми деректерге сәйкес, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында еліміздегі NEET жастары жалпы жастардың (14-34 жас) 7,9% құраған. Ең жоғары көрсеткіш Ұлытау облысында – 12,1%, ең төменгі көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында – 3,9% құрады.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар NEET топтарын санау және анықтаудың жаңа цифрлық құралдарымен танысады. Басты назар жастардың осы осал санатымен жұмыс істеу үшін қажетті қарым-қатынас және кеңес беру дағдылары мен әдістерін меңгеруге аударылады.
Тренинг барысында жас қызметкерлер қала көшелеріне шығып, алған білімдерін іс жүзінде практикалық жаттығулармен сынамақ.