Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында жер үйде болған өрт кезінде бір үйдің 5 баласы қаза тапты. NUR.KZ порталының жазуына қарағанда, бүгін таңғы 04.29-да өрт болып, үйдің төбесі опырылып түскен. Өрт сөндірушілер 7 минут ішінде жеткен. Сағат 06.08-де тілсіз жау толық сөндірілген.
“Өрт басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылдары туған алты бала болған. 2011 жылғы үлкен бала ғана аман қалып, қалған бесеуі қайтыс болды” делінген жергілікті ТЖД хабарламасында.
Алдын ала мәліметке қарағанда, анасы балаларын үйде қалдырып, танысына кеткен. Оның күйеуі түрмеде отырған көрінеді. Қазіргі таңда өрттің себебі анықталып жатыр.