Сұрақ: Адам өлтіруге мәжбүр болған жан күнәhар ма? Адам өзін қорғау үшін біреуді өлтіріп қойса, күнә жасаған болып есептеле ме? Үйі мен бала-шағасын қорғау мақсатында адам өлтірген пенде қылмыскер болып санала ма?
Жауап. Жан, мал және ар қорғау – міндеттелген киелі ұғымдарға жатады. Осы ұғымдарды аяқ асты еткендермен күресуге әркімнің құқығы бар. Қорғай алмаған жағдайда басқалары көмектесуі қажет.
Жәбірленуші позициясындағы адам ең жеңіл қорғану тәсілімен бастау қажет, ол жеткіліксіз болған жағдайда ғана күрделі тәсілге жүгінеді.
Соққыға жығылған адамның қорғануы дұрыс екендігін Құран Кәрім мен сүннет дәйектеп берген. Ұлы Алла былай дейді:
«Ендеше кімде-кім сендерге шабуылдап, дұшпандық жасайтын болса, құндылықтарыңды аяқ асты ететін болса, онда сендер де оларға қарсылық көрсетіп, дәл солай тойтарыс беріп, шектен шықпай тиісті сыбағасын беріңдер. Қандай жағдайда да Алланың әміріне қарсы келуден сақтаныңдар.» [Бақара, 2/194].
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да бір хадисінде былай бұйырған:
«Діні жолында өлген – шейіттің қатарында. Жаны жолында өлген де – шейіттің қатарында. Малы жолында өлген де шейіттермен бірге. Отбасы (ары) үшін де өлген шейіт болып саналады» [Тирмизи, Дият, 22; Ибн Маже, Худуд, 21].
Осы хадисте айтылғандай, адам діні, жаны, малы және ары жолында мәжбүр болған жағдайда басқалармен соғыса алады. Өлтірген жағдайда дінде сұраққа алынбайды, өзі өлсе, шейіт болады.
Соққыға жығылған адам өзін қорғай алмаған жағдайда басқалардың оған қол ұшын беріп, жанын, малын, арын қорғауға көмекші болуы керек.
Жәбірленуші адам өзін қорғау барысында тоқтататын бүкіл шараларды жасайды. Басқа амалы қалмай, өзін жәбірлеушіні өлтірсе, жазасы да болмайды, құн да өтемейді.
Әрине дұрыс айтасыз!