Сұрақ: Жазда мешітте намазда тұрғанда кейбір бауырлардың қолтығынан жағымсыз иіс шығады. Оларға не айтуға болады?
Жауап: Адам тіршілік иесі болғандықтан қозғалуы барасында тер шығады. Терлеу – табиғи құбылыс. Алайда мұсылман үшін «адамның барлығы терлейді» деп өзіне салғырт қарауы жараспайды. Мұсылман барлық уақытта (отбасында, қоғамда, автобуста, қызметте), әсіресе мешітке бармас бұрын иық иінінің ішкі жағын тазалап, хош иіс жағып барғаны мақұл. Қоғамдағы адамдар оны көріп, мұсылманға баға береді.
Ал енді мешіттегі жамағат болса, намаз уақытында оның қасында тұруға жиіркенбеуі қажет. Біз пайғамбардың (с.ғ.с.) төмендегі хадисін ұмытпауға тиіспіз: «Шынында періштелер адам баласы ұнатпайтын иісті ұнатпайды» (Ибн Мәжәһ)
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ