Риуаят бойынша Харун Рашид Әбу Муғауия деген соқыр ғалымды қонаққа шақырып, оның қолына өзі су құяды. Қолын жуып болған соң оған:
– Уа, Әбу Муғауия, қолыңа кім су құйғанын білесің бе? – дейді.
– Жоқ.
– Қолға суды мүміндердің әміршісі құйды, – деген кезде, Әбу Муғауия:
– Уа, мүміндердің әміршісі, сен білімді құрметтеп, оны ұлықтадың. Білімді құрметтеп, ұлықтағаныңдай Алла Тағала да сені құрметке бөлеп, ұлық етсін, – деп батасын береді.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ