Сұрақ: Қол алып амандасу дінде бар ма?
Жауап: Исламда сәлем беру – сүннет, ал біреудің сәлемін алу – уәжіп (міндет). «Ниса» сүресінің 86-аятында: «Сендерге сәлем беріліп, игі ниет білдіргенде, сендер одан да артық ниет білдіріп, одан да жақсы сәлем беріңдер немесе жоқ дегенде дәл солай сәлем қайтарыңдар» деген.
Ал, қол алысып амандасу – сүннет. Пайғамбармыз (с.а.у.) қол алысып амандасқаны хадистерде кездеседі. Пайғамбармыздың (с.а.у.) хадисінде: «Екі мұсылман кездескен кезде қол алысатын болса, күнәлары кешіріледі» десе, басқа бір хадисте «қолдар арасынан күнәлары төгіледі» деген. Амандасу мәселесінде дәстүріміз бен ділімізге тән дүниелерді ескергеніміз жөн.
Икрам АЙТАЕВ