ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Zeket Hub» қайырымдылық орталығына қарасты «Astana Hub Express» филиалының ашылуына қатысты.
Астана қаласының Пригрод шағын ауданында ашылған бұл жоба «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен өткен Еріктілер форумында үздік деп танылған болатын. Бас мүфти жобамен танысып, 15 мұқтаж отбасыға азық-түлік табыстады.
Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы «Өмірге үміт сыйла» акциясы бойынша 6 айында жүрек отасын жасатқан, оған қоса даун синдромымен ауыратын Айдана есімді кішкентай бүлдіршіннің отасына қаржылай және отадан кейін тағатын көзілдірігіне сертификат және Рамазан тәттісі мен азық-түлік тарту етті.