ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітовтың айтуынша, қажылық пен умра айналасында алаяқтық әрекеттері әлі де кездеседі. Бұған халықтың мұқиятсыздығы да себеп болып отыр. Қасиетті сапарға барғысы келген адам міндетті түрде мүфтияттың немесе мешіттердің сайттары және әлеуметтік желілері арқылы хабарласып, ресми тіркелген қажылық фирмаларына жүгінуі қажет.