29 қыркүйек күні Ақмола облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен ҚАЖД мекемесінің теолог және психологтарының, экстремизмге қарсы күрес желісі бойынша функционалдық бекітілген жедел уәкіл және құқық қорғау органдарының біліктілігін арттыру мақсатында оқыту семинарын өткізді.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны және Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру мақсатында өткен оқыту семинарының тақырыбы: «Деструктивті діни ағымдардың ізбасарларын, діни уәжді экстремистер мен исламдық сипаттағы террористерді дерадикализациялау».
Шақырылған сарапшы ретінде дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, білікті теолог Сақан Дастан қатысты.
Семинарда деструктивті діни ағымдарды жақтаушыларымен жүргізілетін оңалту, алдын алу және психологиялық жұмыстарының нысанын және әдісін жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланып, осы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді.
Іс-шара барысында жұмыста қолдануға арналған оқу құралдары мен брошюралар таратылды.