Қазақты тұтастыратын ең басты құндылық – тіл. Тәпсір ғалымдары: «Адам атаны жаратқан кезде оған бүкіл атауларды үйретті» дегенді «Оған әртүрлі тілді үйретті» деп түсіндіреді. Алла тағаланың өзі әртүрлі тілде, әртүрлі халық , әртүрлі ру, тайпа қылып жаратқан болса, оны сақтау бізге міндет екені сөзсіз.