Сұрақ: Қазақстанның медреселеріне шетелдіктер оқуға түсе ала ма?
Жауап: Медресе-колледждерде Білім беру қызметі Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасы талаптарына сәйкес жүргізіледі. Барлық медресенің діни білім беретін оқу бағдарламалары бойынша қызмет жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензиялары бар. Елімізде арнайы орта діни білім беретін 9 медресе жұмыс істейді. Олардың барлығы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің жеке мекемесі ретінде тіркеуден өткен.
Республика аумағындағы медресе-колледждер: Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана», Алматы қаласы, «Әбу Ханифа», Алматы облысы, «Үшқоңыр», Шымкент қаласы, «Шымкент медресе», Түркістан облысы «Сарыағаш медресе», Тараз қаласы, «Һибатулла Тарази», Ақтөбе облысы, «Ақтөбе медресе», Орал қаласы, «Орал», Павлодар қаласы, «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледждері.
2024-2025 жыл бойынша медресе-колледждерге 9-сыныптан кейін оқу мерзімі – 3 жыл 10 ай. 11-сыныптан кейін оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Бітіруші түлектерге «Исламтану» мамандығы бойынша «Имам-хатиб» (ұлдар үшін) және «ұстаз» (қыздар үшін) біліктіліктері бойынша мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі. Медресеге түсу шарттары өзге де оқу орындарына түсу шарттарына ұқсас. Қабылдау емтихандары жаз айларында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген кестеге сәйкес жүреді.
Шетел азаматтары медресе-колледждерге емтиханнан кейін ақылы түрде оқуын жалғастыруына болады.
Икрам АЙТАЕВ