Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Дін істері комитетінің төрағасы Е. Нүкежанов Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д. Канесспен кездесті.
Кездесу барысында Е. Нүкежанов Қазақстанның конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, адамдардың ар-ождан бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету және барлық заңды әрекет ететін діни бірлестіктермен сындарлы ынтымақтастық орнату бойынша атқарылған жұмыспен таныстырып өтті.
Бұдан басқа, діни сенім бостандығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ «Жусан» арнайы операциясы аясында қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған адамдардың оңалту және қайта әлеуметтендіру жұмысы бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Д. Канесс Қазақстандағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласындағы оң динамиканы жоғары бағалады.
Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта тығыз және өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға ниет білдірді.