Діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі Қазақстан-Американ Жұмыс сараптау тобының бесінші отырысы өтті.
Онлайн форматта өткен отырыстың жұмысына ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов пен АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық діни бостандық жөніндегі арнайы елшісінің орынбасары Карсон Релиц Рокер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, АҚШ Мемлекеттік департаментінің, АҚШ-тың Халықаралық діни сенім бостандығы жөніндегі комиссиясының өкілдері және дін саласындағы сарапшылар қатысты.
Отырыс барысында халықаралық діни сенім бостандығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ діни бірлестіктердің құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету бойынша өзара тәжірибе алмасу, бірлесіп өткізілген және жоспарланған іс-шаралар талқыланды.
АҚШ делегациясы Қазақстанның адам құқықтары мен діни сенім бостандығы саласындағы жетістіктеріне оң баға беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жалғасып, одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.