Қазақстан егемен ел атанғалы бері саяси-экономикалық тұрақтылығымен, түрлі ұлт пен ұлыстың, конфессиялар арасындағы татулығымен өзге мемлекеттерден ерекшеленіп келеді. Сонымен қатар, тәуелсіз елдің маңызды игіліктерінің бірі де бірегейі – дінаралық келісім. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Серікқызы бұны тәуелсіздіктің басты жегістігі деп бағалады.