Қазақстанда ҮЕҰ үшін тренерлерді дайындайды ҮЕҰ академиясы ТОТ «Тренерлерге арналған – Тренинг» білім беру бағдарламасына өтінімдерді 2021 жылдың 15 тамызына дейін қабылдауды бастады.
Бағдарламаға жаңа білім алу үшін тренерлер де, ҮЕҰ өкілдерін оқытудың жеке бағдарламасын әзірлеу үшін үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері де қатыса алады. Оқытудан өткен барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Бағдарламаның тренерлері мен менторлары Лина Стрыгина, Регина Лариошина, Мадина Билялова сияқты 25 жылдан астам оқыту тәжірибесі бар сертификатталған тренерлер мен ментор-коучтар болады. Оқыту бағдарламасы 16 тамызда басталып, 13 қыркүйекте аяқталады. Қатысушылар заманауи білім беру жүйелерін, білім берудегі цифрлық технологияларды трансформациялау саласында білім алады, тренинг құрылымын, оның түрлері мен бағыттарын, білім беру процесінің дизайнын және тренингтегі топтық динамикамен жұмысты және тағы басқаларды зерттейді.