Сұрақ: Қазақстанда тыйым салынған қандай діни ағымдар бар?
Жауап: Дәстүрлі дін – қоғамның қажетті саласы. Дінді күнделікті өмірден бөліп қарауға болмайды. Дін – адамгершілік пен имандылықтың кепілі. Сол себепті егеменді ел болып қалыптасуымызда дәстүрлі діннің алатын орны ерекше. Бүгінде қоғамдық-саяси өміріндегі діннің асыл рөлі артып келеді. Кейбір азаматтар әлеуметтік желілерде діни ақпараттар қолжетімді деп, интернетке көп үңіледі. Интернет кеңістігінде ислам атын жамылған, өздерінің теріс те зиянды пікір тұжырымдарын түрлі тілдерде насихаттап жатқан діни ағымдар кездеседі. Елімізде рұқсат етілген дұрыс дереккөздерге жүгінгеніміз абзал.
Қазіргі таңда Қазақстан республикасы аумағында соттың шешімімен мынадай тыйым салынған діни ұйымдар бар:
І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:
- «Аль-Каида»
- «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс»
- «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс»
- «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)
ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:
- «Асбат аль-Ансар»
- «Братья-мусульмане»
- «Боз гурд»
- «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер»
- «Лашкаре-Тайба»
- «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»
ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:
- «Хизб-ут – Тахрир» ұйымы
ІV. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:
- «АУМ Синрикё»
- «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»
- Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:
- «Түркістан ислам партиясы».
VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:
- «Джунд-аль-Халифат»
VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:
- РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»
VIII. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:
- «Таблиги джамагат»
- Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:
- «Ат-такфир уаль-хиджра»
- Астана қаласы есіл ауданы сотының 2015 жылдың 15 қазан айында қабылданған шешіміне сәйкес:
- «Ислам мемлекеті» (ДАИШ)
- «Ан-Нусра фронты»
- «Йакын Инкар» Астана қаласы Есіл ауданы сотының 2018 жылғы 10 қазандағы шешіміне сәйкес экстремистік ұйым болып табылды
Тыйым салынған діни ұйымдарды қолдауда, насихаттауда жауапкершілік бар екендігін ұмытпағанымыз жөн!
Икрам АЙТАЕВ