Қазақстанда Түркияның ANKA ұшқышсыз ұшатын жойғыш аппараттары құрастырылатын болды. Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінң баспасөз қызметі хабарлады.
“Қазақстан Инжиниринг” ҰҚ” АҚ басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов пен Turkish Aerospace (TUSAŞ) президенті профессор Темел Котил Қазақстанда ANKA ұшу аппараттарын бірлесіп құрастыру туралы келісімге қол қойды”, – делінген хабарламада.
Олар ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру және Қазақстанға технологияларды беру бойынша ұзақ мерзімді келісімге келді. Сонымен қатар түрік компаниясы қазақстандық қызмет көрсету персоналын ұшу аппараттарын жөндеу бойынша оқытады.
Айта кетейік, Қазақстан Түркияның аталған ұшу аппараттарын өндіретін алғашқы ел атанып отыр.