Бүгін Мәжіліс депутаттары еліміздің Қылмыстық кодексіне өлім жазасы мәселелеріне қатысты Заң жобасын қарады. Енді өлім жазасы тек соғыс уақытында қолданылады, деп Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Тәуелсіздік жылдары өлім жазасы 26 аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған еді. Кейін 2014 жылғы Қылмыстық кодексте өлім жазасы тек 17 бапта қалды. Ал 2003 жылы Елбасы өлім жазасына мерзімсіз мораторий енгізілді.
Осылайша елімізде өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 13 бабынан алынып, тек 4 бабында сақталды. Күшін жойған баптың арасында терроризм қылмысы да бар. Яғни, елімізде терроризм үшін өлім жазасы болмайды.
Оның айтуынша, өлім жазасын алып тастау мұндай қылмыстардың көбеюіне немесе азаюына әсері туралы нақты пікір жоқ. Сондықтан лауңкестік үшін өлім жазасы алынып тасталғанымен, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы сақталады.