Сұрақ – Қазақстанда кімдердің уағыздарын тыңдауға болады?
Жауап: Елімізде азаматтардың дінді танып білуге талпынысы артып келеді. Әлеуметтік желілерде түрлі мазмұндағы діни уағыздар жиі кездеседі. Жат діни ағым өкілдері шетелде отырып өз идеологиясын таратуда түрлі айла-тәсілдерді пайдаланады. Жат діни ағымдардың құрығына түсіп сотталып жатқандары кездеседі. Айтылған уағыздарды сүзгісіз ақиқат ретінде қабылдап, буквализм, фанатизм, радикализмге бой алдырады.
Дәстүрлі діни таным қалыптастыру мен жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында Дін істері басқармалары мен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы тарапынан құрылған (РАНТ) республикалық ақпараттық-насихат тобы, (ЖАНТ) Жергілікті (облыс, қалалардағы имамдар) ақпараттық насихат тобы құрылған. Сол топқа мүше Мұхан Исаханұлы, Сансызбай Құрбанұлы, Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы, Қабылбек Әліпбайұлы, Ризабек Батталұлы, Арман Қуанышбаев т.б. сынды дінтанушы, исламтанушы, теолог ғалымдар өз деңгейінде діни уағыздар жүргізеді. «Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» демекші өзге уағызшыларды тыңдап қасірет шегіп қалмаңыз!
Икрам АЙТАЕВ