Елімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар өткізу жалғасуда.
Тамыздың тақырыптық желісі – «Тәуелсіздіктің құқықтық негіздері. Құқық үстемдігі және азаматтық қоғам». Осы айдың басты оқиғалары Қазақстанның Конституция күні мен Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып табылады.
Мемлекеттік органдар санитарлық нормаларға сәйкес түрлі іс-шаралар, оның ішінде азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен диалог алаңдарын, сондай-ақ көрмелер, патриоттық әндердің байқаулары, жастар арасында зияткерлік ойындар өткізеді. «Тәуелсіздік тарландары» жобасы аясында «Халық Қаһарманы», «Еңбек Ері» атақтарына ие болған қоғам және мемлекет қайраткерлерімен онлайн-кездесулер өтеді.