Астана және Қазақстан митрополиті Александр ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Ораза айт мейрамымен құттықтап, хат жолдады.
«Сізді және барша Қазақстан мұсылмандарын қасиетті айының аяқталуымен және Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл қасиетті мерекеде мұсылмандар отыз күн бойы ұстаған оразаны қорытындылайды және бабалардан қалған дәстүр бойынша туған-туысты құттықтап, мұқтаж жандарға қарайласып, мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлықтың үлгісін көрсетеді. Рамазан айының мақсаты да осы – адамның жан дүниесін кемелдендіру және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту» делінген құттықтау хатта.