ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің онлайн-отырысы өтті.
Отырыс жұмысына ҚР ПӘ ҚХАХ, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің, этносаралық мәселелер жөніндегі ғылыми-сарапшылық қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің басқармаларының басшылары қатысты.
ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісінің орынбасары Ерлан Абдакасов этносаралық қатынастар мәселелері бойынша сарапшылық қоғамдастықты жан-жақты дамытуды, ағымдағы жағдайға уақытылы баға беру және оны ақпараттық кеңістікте тарату маңыздылығын атап өтті. ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин этносаралық қатынастар саласындағы зерттеулердің базалық тақырыптарын анықтау бойынша өңірлермен атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.