Ақмола облысының ДІБ «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен Ш. Уалиханов атындағы университет студенттерінің дінтанушылық сауаттылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны және Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру мақсатында өткен дәріс «Қазақ жеріндегі ислам тарихы және құндылықтар» тақырыбында өрбіді.
Шақырылған сарапшы ретінде белгілі ғалым, дін мәселелері бойынша РАТТ мүшесі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Дінтану» кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышханұлы қатысты.
Іс-шара барысында оқуға қолдануға арналған брошюралар таратылды.