Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысымен және мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен қазақ тілін тегін үйрететін курс өз жұмысын бастады.
Тегін оқумен мемлекеттік қызметшілер, қала тұрғындары, этнос өкілдері, ең маңыздысы кәсіпкерлік (сауда-ойын сауық орталығының, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру) саласының қызметкерлері қамтылады. Осы топтарға жататын 18 жасқа толған барлық адамдар қатыса алады.
Оқыту тамыз-желтоқсан айларында, онлайн және оффлайн форматта өтеді. Тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, әр топқа аптасына 2 рет жүргізіледі.
Өтетін орындары: Алматы қаласы аудан әкімі аппараты ғимараттары мен аудан аумағындағы кітапханалар.
Байланыс телефондары: Мемлекеттік тілді дамыту институты 8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.
Аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:
Алатау – 2998649
Алмалы – 8 776 830 03 67
Әуезов – 3032558
Бостандық – 2755068
Жетісу – 3842754/75, 8700 770 70 73
Медеу – 2916434
Наурызбай – 3074553, 8 708 767 97 41
Түрксіб – 2231115.