Республика күні қарсаңында Астанада «Елім дегендер» байқауының республикалық кезеңі өтті. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жастар арасында мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас таланттар өлең оқып, өз шығармаларын қазақ тілінде ұсынды.
Жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жүлде қоры 3 000 000 теңгені құрады.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі