Қазақтың ұстанымында қыз-келіншектер шашын жаймайды, қара жаулық салмайды. Олай етсе, жамандық шақырудың белгісі саналған. Қазақ қыздары үкілі бөрік, шашбау тағып, қос етек көйлек киген, әйелдер басына орамал таққан. Осылайша дінін де берік ұстанған, дәстүрін де тәрк етпеген.