Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп Құран жаттау орталығынан” тағы бір шәкірт екі жылдың ішінде өзінің ынтасы мен ықыласының арқасында Құранды толығымен жаттады.
Құран жаттау орталығының ұстазы Арыстанның жетекшілік етуімен павлодарлық Серікбаев Бекзат Сәбитұлы қасиетті Құран Кәрімді бастан-аяқ жаттағанын басқа да ұстаздарының алдында дәлелдеп батасын алды.
Осы жақсы жаңалықты Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы жұма намазында жиналған жамағатқа жариялап құттықтаса, Ерболат атты жамағат Бекзат қари бауырымызға умра қажылығынқа жолдаманы сыйға тартты.
Алла Тағала баршамыздың зейінімізді ашып, жүрегімізді Құранмен нұрландырсын!