Қазақ салт-дәстүрі ағайын, туған-туыс, көршілер арасында жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан. Заман талабына сай өзгеріске ұшыраған түрлі дәстүрлер бар. Соның бірі – босағаға тұз ілу. Қазақ босағаға не үшін тұз ілген? Оның шығу тарихы қандай?