Осы жылы Қазанда бірнеше маңызды нысандардың, соның ішінде қалпына келтірілген “Мухаммадия” медресесінің ғимараты мен Бұлғар Ислам академиясының әкімшілік ғимаратының ресми ашылуы жоспарланған.
Бұл туралы ТР Мәдени мұра объектілерін қорғау комитеті алқасының қорытынды отырысында оның төрағасы Иван Гущин хабарлады.
“Мұхаммадия” медресесін қалпына келтіру жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарланған болатын, бірақ пандемияға байланысты нысанды тапсыру кейінге қалдырылды. Ол 2021 жылдың мамыр айына жоспарланған.
Қазір ғимаратта ішкі жұмыстар жалғасуда. Медресені қалпына келтіру жобасы қоғамдық талқылаудан өтіп, 2018 жылдың қазан айында келісілген болатын. Жұмыстар барысында жоғалған парапет қоршаулары қалпына келтірілді, тарихи үлгілерге сәйкес жасалған терезе мен есіктері, сонымен қатар шатырдың ағаш торлары мен шатырдың өзі ауыстырылды.
Айта кетейік, қазақ тарихында “Мұхаммадия” медресесінің орны ерекше. Бұл жерде қазақтың көптеген көзі ашық азаматтары оқып, білім алған.