Қарағанды облысы Шахан кентінің қарттар үйінде жетпіс зейнеткер коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды zakon.kz.
Олардан басқа мекеменің 26 қызметкерінен COVID анықталды.
Инфекцияның таралуын болдырмау үшін санитарлық дәрігерлер ғимаратты дезинфекциялады.
2020 жылдың наурыз айынан бері қарттар үйі карантинде болғанына қарамастан, қарт адамдар коронавирусты қалай жұқтырғаны әлі белгісіз. Олардың бәрі тексеріліп жатыр.
Енді шектеулер бүкіл Шахан ауылында енгізілуі мүмкін. Тіпті блокпосттар орнатылуы ғажап емес.
Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айгүл Шатекова вирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдардың тізімі анықталғанын атап өтті.