Қарилық пен хафиздық – Алланың пендесіне берген айрықша нығметі, жауапкершілігі мол аманаты. Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 6 қарилар дайындайтын орталық бар. Баланы қарилыққа үйреткісі келген ата-аналарға кеңес ретінде ҚМДБ бөлім меңгерушісі Смайыл Сейтбеков сенімді, ресми тіркелген оқу орындарын атап берді.