Қарағандыда Жедел басқару орталығына қоңырау шалған ер азамат Оңтүстік-Шығыс ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтауда. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.