Қарағанды облыстық полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен жүзеге асырылып жатқан қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда қоғаммен серіктестікте жұмыс істеу тұжырымдамасы аясында құқық қорғау бағытында жұмыс жасап жатқан еріктілер қозғалысының форумы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оған “Қызыл ай”, “Дари добро”, “Авто-Мото-Целина”, облыстық жастар саясаты басқармасының “Жастар орталығы” және студенттер қозғалысының “Жігер” орталықтарының басшылары мен еріктілері қатысты. Форумды департамент бастығы Санжар Әділов ашты. – Бүгінгі таңда қоғамда құқық қорғау бағытында жұмыс жасап жатқан еріктілердің рөлі ерекше. Олардың жұмысы, киберқылмыстардың, есірткі қылмыстарының, қоғамдық қауіпсіздік және жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауда ерекше маңызға ие болып, септігі тиіп жатыр. Еріктілер қозғалысында оқушылар мен жоғары оқу орындарының студенттері де белсенді жұмыс жасауда. Сіздердің қолдауларыңыз арқылы біздің жұмысымыздың да тиімділігі артып келеді. Форум сіздер мен біздердің жұмысымызды одан да біріктіре түседі деген ойдамын, – деді департамент бастығы.