Таулы Қарабақ пен оған жапсарлас аумақтардағы 60-тан астам тарихи мешіт толықтай немесе жартылай бұзылған. Олардың бәрі қалпына келтіріледі.
Дерек көздерінің хабарлауынша, мешіттер Түркия дін істері басқармасының қолдауымен жөнделмек.
Әзербайжан президенті Илхам Әлиев соңғы 28 жылда Таулы Қарабақтағы мешіттер шошқа, сиыр және басқа да үй жануарларын ұстайтын орын ретінде пайдаланылып келгенін айтты. Таулы Қарабақ басшылары мешіттердің осындай жағдайын біле тұра, ешбір шара қолданбаған, деді ол.