Әркім жер бетіндегі адам баласында төрт түрлі қан тобы бар екенін біледі. Бірақ, көпшілігі неліктен солай екенін ойланбайды. Неге төрттен басқа бесінші, не алтыншы топтар жоқ?
Адамзатта тек ғана нөлдік – I (0), II (A), III (B) және IV (АВ) топтары бар. Сондай-ақ адамзат бойында осы қан болмаса, өмір сүре алмайтыны айдан анық. Қанды жүз пайыз айырбастай алатын затты ғалымдар әлі ойлап таба алмады. Сондықтан адам өмірін сақтап қалу үшін, гемоглобинды көтеру әдістері мен қан тобы сәйкес келген науқастарға донорлық әдіспен қан құю әдісі ғана жалғасуда.
Дегенмен, соңғы кезде ғалымдар донорлық әдістің де жанама әсері бар екенін, яғни донордың тұқым қуалаушы аурулары науқасқа әсер етуі мүмкін екенін анықтап жатыр. Өйткені, адам саусағының ізі бір-біріне ұқсамағаны сияқты, әркімнің қан құрамы да бөлек болып келеді екен.
Қан тобының төртеу ғана болуында Алланың құдіреті бар. Алла Тағала Құран Кәрімде: “Расында адамды нағыз балшықтан жараттық” (Муминун: 12), дегендей, Адам атаны (а.с.) топырақтан жаратып, бойына қан жүгіртті. Ол қанды келісімді түрде, нөлдік – I (0) топ деп алсақ, ал аят-хадистерде келгендей, Хауа анамызды Адам атаның (а.с.) қабырғасынан жаратқаны жөнінде: «Ей, адамдар! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелдер таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар», – деп бұйырады (Ниса:1).
Хауа анамыздың қан тобын шартты түрде – II (A) тобы деп атаған болайық. Содан кейін осы екі жұптан адамзатты таратады. Ол жөнінде Құран Кәрімде: «Әй, адамдар! Біз сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық…» (Хужурат сүресі, 13), – дейді.
Қисса кітаптарында айтылғандай, Адам (а.с.) мен Хауа анамыздың ұрпақтары егіздер болып дүниеге келсе де, не бөлек-бөлек дүниеге келсе де ең алғашқы ұл мен қыздың қан топтары – III (B), IV (АВ) болғаны ақиқат. Себебі, одан кейін келген ұрпақтарда осы төрт қан тобы ғана жалғасады.
Осылайша, қан топтарының бір-бірінен өзгеше болуы, ғалымдар дәлелдеген резус факторларының бөлек болуы – адамзаттың үйленіп, ұрпақ өрбітіп, көбеюіне жол ашады.
Осының бәрін көріп тұрып, Алла Тағалаға сансыз шүкір айтуымыз қажет екенін түсінеміз.
Қуат ҚАБДОЛДА