Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІ отырысына қатысқан Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Жас діни лидерлер форумы туралы айтты.
“Бұл бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VIІ Съез барысында ұсынып, Съездің XXI Хатшылығында бекітілген – «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 2023-2023 жылдарға арналған даму Тұжырымдамасы» құжатында көрініс тапты.
Съезге қатысушылар Форум қызметіне түрлі конфессиялардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, келешегі бар жас ғалымдар мен саясаткерлерді тарту арқылы дінаралық және мәдениетаралық диалогтың сабақтастығын нығайтуға барын салуда.
Форумның негізгі мақсаты – жастардың жетістіктерімен алмасатын және диалог орнататын платформа қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпақ бетпе-бет келетін өзекті мәселелерді талқылау” деді ол.
Сондай-ақ ол форум барысында әлемнің тұрақты дамуындағы және мәдениеттер мен діндер диалогындағы жас лидерлердің рөлі, сондай-ақ үш секциялық отырыс барысында жаңа технологиялар дәуіріндегі рухани құндылықтардың маңыздылығы талқылау жоспарланып отырғанын айтты. Оған 30 елден жас діни лидерлер қатыспақ.