Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, аса ауыр салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат беріп, жеңілісі мен жетістігі, бокстан ұлттық құраманың капитаны, Ту ұстаушы ретіндегі жауапкершілік жайында ойын айтты.
Одан бөлек, жартылай финалдағы ұстанған тактикасы, жіберген қателігі жайында да сөз қозғап, алдағы жоспарымен бөлісті.
Еске салайық, Токио Олимпиадасында 91 келіден жоғары салмақта Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдеге ие болды. Аса ауыр салмақта Баходир Жалолов (Өзбекстан) Олимпиада чемпионы атанса, АҚШ спортшысы Ричард Торрез екінші орынды қанағат тұтты.
Дәл осы салмақ бойынша екінші қола жүлдені Ұлыбритания боксшысы Фрейзер Кларк иеленді.