Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері және аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып жаңа жыл қарсаңында Сарыағаш қаласында тұратын жалғыз басты зейнет жасындағы анаға үй шаруашылығына көмектесті.
Аталған игі шараға еріктілер мен қатар жеті пробация қызметінің есебінде тұратын азамат жұмылдырылды.
«Қайрымдылық жасасаң қайырың өзің көресің» деген ұстанымды ұстанған Сарыағаш аудандық пробация қызметі жағдайы төмен және жалғыз басты қарттарға үй шаруашылығына көмектесіп келеді. Жеті сотталған азамат өз еркімен Сарыағаш қаласы, Көктем көшесінде тұратын зейнеткерлік жасындағы жалғыз басты кейуана Ғалия апаның үйіне барып, ауласының қарын тазартып, қурап қалған тал ағаштарын кесіп, қысқы отын-суын дайындап берді.
«Көктемнің қамын қыста ойлағанның зияны жоқ» демекші, көкөніс егуге жерді аударып, отын отап алуға жалғызбасты қарт ананың денсаулығы жарамайды. Қарт кісінің жағдайын түсінген пробация қызметі оған қолдау көрсету мақсатында ерікті сотталғандармен бірлесіп, материалдық тұрғыда қолдау көрсету мақсатында ошаққа жағатын отынын жарып, үйдің ауласын тазартып, жерін аударып, үй шаруасына қолқабыс етті.
– Біздің пробация қызметінің есебінде тұрғандар және жастар ресурстық орталығының еріктіліремін бірлесіп осындай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып тұрамыз. Жалпы, қайырымдылық іс-шарасы 2020-2025 жылдарға арналған қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарының 12 тармағына сәйкес ұйымдастырылды. Аталған шараны өткізудгі мақсатымыз – пробация есебінде тұрған сотталғандарды еңбекке баули отырып, оларды айналасына мейіріммен қарауға шақыру.
Сонымен қатар, қылмыстың алдын алу және оны болдырмау. Есепте тұрған сотталғандардың айналасындағыларға жәрдем беріп, өздерінің қоғамға қажет екендіктерін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Олардың қоғамға тез бейімделуіне көмектесуге ықпал жасау. Сонымен қатар, пробация есебінде тұрған сотталғандар да өз еріктерімен барып, ол кісіге көмектесті. Сондай-ақ, оларды қоғамға бейімдеп, жауапкершілікті сезінуге шақыру. Жалпы көмекке мұқтаж азаматтарға қол ұшын созу ізгі істің үлгісі деп білеміз, – дейді Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет капитаны Асхат Байтен.
Аудандық пробация қызметі бастығының сөзіне қарағанда сотталғандармен бірге қайрымдылық шарасына ертіп бару арқылы олардың бойындағы мейрімділік сезімін ояту. Сонымен қатар, мейрімді адамның да иманы күшті болары хақ. Осындай игі істер арқылы жаза басып қателік жасаған жастардың имандылыққа, мейрімділікке тәрбиелеу болып табылады.
Үй шаруасына көмек көрсеткен пробация қызметінің қызметкерлері мен еріктілерге қарт ана өзінің алғысын білдіріп батасын берді.
– Мен біздің елімізде осындай мейрімді жастардың барына қуанамын. Пробация қызметінің қызметкерлері мен еріктілер үйге келіп, үй шаруасына көмектесіп, ауламды тазалап беруді үрдіске айналдырды. Жылына екі рет келіп үй шаруашылығына қолқабыс етеді. Жастармен бірге шәй-тамақ ішіп, көңілім бір көтеріліп қалды. Жастар үйге көмектесуге келетінін естігенде қатты қуандым. Біздің елімізде көмекке мұқтаж жандар жоқ емес. Жасымыз келгенен кейін үй шаруасына жарамаймыз. Ал, отанымызды тастап, көпқабатты үйге көше алмаймыз, – деді Сарыағаш қаласының тұрғыны Ғалия әжей.
Жылдың қай мезгілінде болса да мұқтаж жанға көрсеткен көмектің өзі сауапты амалдардың бірі болып саналады екен. Қолымыздан келгенше мұқтаж жандарға көмек беруге тырысайық. Көмсек қолын созудың өзі жомарттыққа жатады.
Раушан НАРБЕК,
Түркістан облысы