ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдіктері мен қызметкерлеріне арналған «Біліктілікті арттыру семинары» аяқталды.
Семинарды қорытындылауға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысса, қор өкілдері дайындаған «Қайырымдылық жаршысы» көпшілікке таныстырылды.
Сондай-ақ қорытынды жиынға наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы мен «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров қатысып, үш күндік біліктілікті арттыру семинары қатысқан зекет өкілдеріне сертификат табыстады.
Айта кетейік, семинарға қатысушыларға заманауи ақпараттық технологияларды қызмет барысында қолдану, SMM, маркетинг бойынша дәрістер өтіп, тапсырмалар берілді. Көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, зекет өкілдері біліктілігін шыңдады.