Түркістан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықовтың айтуынша, түрлі деструктивті діни ағымдардан халқымызға келетін бірнеше қауіп бар. Соның бірі – олардың сырттан басқарылуында. Сондай-ақ олардың қайдан қаржы алып отырғаны белгісіз. Олар тек өз имамдарының ғана айтқанын дұрыс деп есептейді. Сонымен бірге қайырымдылық мекемесі деп ашылғанымен өздерін мүфтиятпен салыстырып медресе деңгейінде көрсеткісі келетін ұйымдар бар. Қайырымдылық мекемелері ешқашан медресе бола алмайды.