Қазақстанда «Игі істер марафоны» жобасының екінші аптасы аясында 120-дан астам іс-шара өтеді.
12-18 тамыз аралығында «Жастар күніне» орай «Игі істер марафоны» жобасының екінші апталығы басталды. Бұл қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба.
Аталған апталық аясында республика бойынша 120-дан астам әртүрлі форматтағы іс-шаралар жоспарлануда. Мысалы, Қостанай облысында жастарға арналған әлеуметтік жобаларды дайындау бойынша тренинг ұйымдастырылады. Маңғыстау облысында кәсіпорындағы жас мамандарға арналған «№7 спикер» конференциясы, ал Түркістан облысында «Ел ертеңі жалынды жастар» атты жастармен кездесу өтеді.
Бүгінгі таңда еліміздің 10,5 мыңға жуық белсенді азаматтары марафон аясында 1000-нан астам игі істер жасады. Марафон 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік.
Жоба туралы толық ақпаратты www.qazvolunteer.kz. сайтынан алуға болады.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі