Әс-Сатури жайында мынадай әңгіме бар. Ол әзілқой сопы болатын. Бірде ол бір бай кісінің үйінде дастарқанда отырады. Оларға пісірілген қозы еті әкелінеді.
Үй иесінің біраз сараңдығы бар екен. Жұрттың қозы етін турап, парша-паршасын шығарып жей бастағанын көрген ол:
– Әй, қызметші, мынаны балаларға апарып бер, – дейді. Туралған қозы етін әкетіп бара жатқанда, әс-Сатури тұрып артынан ере бастайды. Одан:
– Қайда барасыз? – деп сұрағанда:
– Балалармен бірге қозы етін жеуге, – дейді. Үй иесі ұялып, асты дастарқанға қайта қоюға әмір берген екен.
Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ