Венесуэланың Боливар штатындағы Анхель сарқырамасы – әлемдегі ең биік сарқырама. Оның биіктігі – 979 метр.
«Анхель» сөзін қазақшаға аударсақ, «періште» мағынасын береді. Ал жергілікті пемон үндіс халқы сарқыраманы Kerepakupai vena, яғни «Терең жердің сарқырамасы» деп атайды екен.
Анхель Ауян-Тепуи деп аталатын шың басынан төмен құлайды. Пемон халқының тілінде бұл шыңның атауы «Шайтан тау» мағынасын береді.
Сайып келгенде періште өзінің бастауын шайтан таудан алатын болып тұр.