Сұрақ: Қағбадағы қара тас жәннаттан түскен бе?
Жауап: Негізінде Қара тастың жәннаттан түсірілгені жайында хабар беретін сенімді хадистер бар. Мысалы, «Қара тас жәннаттан түсірілген. Ол сүттен ақ еді бірақ, адамдардың күнәсі оны қара тұскен айналдарды» (Термези). Келесі риуаятта: «Қара тас жәннаттан түсірілді. Ол қардан да ақ еді бірақ, мүшриктердің күнәсі оны қара түске айналдырды», – деп келген (Ахмад ибн Ханбал).
Мұсылман Қара тастың жәннаттан келгеніне иман келтіреді. Әл-Азрақидің «Қағба мен Меккенің тарихы» атты кітабында Адам (ғ.с.) жәннаттан жерге түскен уақытта Алла Тағала періштелер арқылы бір шатыр түсірген. Сол шатырдың ішінде аппақ тас болған. Кейін замандар өте Ибраһим пайғамбар ұлы Исмайылмен Қағбаны көтерген кезде Жәбірейіл періште осы тасты алып келген. Сөйтіп осы тас қойылған жер Қағбада тауап басталатын орынға айналғаны жайында айтылады.
Нұһ пайғамбардың заманында жерді топан су басқанда Алла Тағала бұл тасты Қубайыс тауына аманат етіп береді де: «Менің достым Қағбаны жөндеп жатқан уақытта оған осы тасты бергейсің», – деп әмір етеді.
Кезінде Жәбірейіл алып келген бұл тастың түсі көз шалынатындай ақ болған. Кейін жоғарыдағы хадисте айтылғандай мүшріктердің оны сипау әсерінен қарайып кеткен. Басқа риуаятта тастың қара түске айналу себебін өртпен байланыстырады.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ