Қасиетті мешітте 1443/2022 жылғы қажылыққа дайындық аясында Сауд Арабиясының басшылығы Қағбаның кисуасын көтеріп, жан-жағынан екі метрлік ақ мақта-мата жабынмен (ихрам) жапты.
Жыл сайын бұл дәстүр қажылық маусымының басталғанын білдіреді және тәуәп ету кезінде кисуаны қорғау үшін пайдаланылады.
Қасиетті мешіт пен Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің бас президенті Абдулрахман әл-Судаистің басшылығымен аталған рәсімді 50-ден астам адам жүргізді.
Жыл сайын ислам күнтізбесі бойынша Зул-Хижжа айының 9-ы күні кисуа матамен қапталады. Сондай-ақ ескі кисуа алынып, кішкене бөліктерге кесіліп, шетелден келетін дін қайраткерлеріне және ұйымдарға беріледі.