Сұрақ: Қабір топырағының биіктігі қандай болуы керек?
Жауап: Мұсылман адам өмірден өткен соң тәні топыраққа жерленеді. Марқұмды шариғатқа сай жерлеу – парыз кифая. Шариғат бойынша қабірді жабайы жануарлар қазып алмайтындай терең қазу – міндет.
Ханафи мәзһабы бойынша қабірдің тереңдігі кем дегенде белуардан келетіндей болуы қажет. Қабірдің топырағы түйенің өркешіндей биіктікте ғана жерден көтерілуге тиіс. Қабірден шыққан топырағымен көмгені абзал. Сырттан топырақ қосу құпталмайды. Қабір қазылғанда жердің жағдайына байланысты әр аймақта әртүрлі орындалады.
Пайғамбармыздың (с.а.у) хадисінде: «Қабірді гипстеуге, үстіне құрылыс салуға әрі үстіне отырауға тыйым салды», деген. Мазараттың аумағы жануарлар кіріп кетпеу мақсатында қоршаланғаны дұрыс. Шариғат бойынша қабірді жоғалтып алмау мақсатында кіші құлыптас, ағаш орнатып, марқұмның аты-жөнін жазып қоюға болады.
Икрам АЙТАЕВ