Сұрақ: Псевдосәлафилер бағытындағы Суруриттер деген кімдер?
Жауап: Сəлафилік ағымы – зайырлы құндылықтарға қарсы құрылған идеология. Салафи ағымының бұл бағыты Мухаммад ас-Сурур Зейнул-Абидинның (1938-2016 ж) атымен «Суруриттер» деп аталып кеткен. Аталған діни ағым Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған «Ихуан әл-Муслимин» саяси теріс ағымының идеологиялық тұғырларын негізге алады.
Бұл Сурури ағымын қолдаушылар шынайы діни сенімдерін «тақия» (жасырын) ұстайды. Орыс тілді уағызшлары Э.Кулиев, Надир Абу Халид, Абу Умар Саситлинский т.б. Аталған уағызшылардың уағыздарымен әсерленген адамдар қауіпті болып саналады.
Суруриттер – заңды билікке, басқа дін өкілдеріне, зайырлы азаматтарға қатысты шектен тыс төзімсіздік танытып, өзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданады, түбінде қарулы қақтығысқа да баратындарды бар.
Барлық псевдосәлафилер имам Ашғари, имам әл-Матуриди сынды дәстүрлі сенім мектептерінің өкілдерін адасқан деген жағымсыз көзқараста.
Икрам АЙТАЕВ