Ресейдің Серпухов қаласында православтық гимназияда жарылыс болды, деп Qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Ресейдің Мәскеу облысының Серпухов қаласының әйелдер монастырінде жарылыс болды. Бомбаны православтық классикалық гимназияның 18-жастағы түлегі жарған. Осыған байланысты оқытушылар мен оқушылар қауіпсіз жерге көшірілді.
Жергілікті полицейлердің айтуынша, қаскөй оқу орны ғимаратының ішіне кіріп, өзін жармақ болған. Оқиғадан 7 баламен бірге шабуылшының өзі де зардап шегіп, кейін тұтқындалды.
Болжамдарға қарағанда, ол ұстаздар мен монахинияларды жеккөргендіктен, осындай қылмысқа барған.