«PR-шы» қоғаммен байланыс кәсіпқойлары клубының мүшелері визуалды жарнамалық ақпаратты қазақ тіліне бейімдеп беруге дайын.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты көптеген кәсіпкерлер үшін мұндай көмек ауадай қажет болып отыр.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда қол қойған Заң бойынша, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады. Демек, кәсіпкерлердің аталған ақпараттары қазақ тілінде болуы шарт. Осы орайда, кей жарнаманың тікелей, сауатсыз аудармасы халық көңілінен шықпай жатады.
«PR-шы» клубына коммуникация нарығында тәжірибесі зор мамандар кіреді. Біз кәсіпкерлерге өз клиенттерімен және серіктестерімен сауатты қарым-қатынас жасауға көмектесуге қуаныштымыз. Бұл түптеп келгенде елдегі PR және жарнама саласының дамуына және оның стандарттарының жоғары болуы септігін тигізеді», – деді Клуб президенті Татьяна Шевченко.
Кәсіпкерлер қазақ тіліне аудару/бейімдеу үшін өз материалдарын (хабарландыру, жарнама, прейскурант, баға белгілері, мәзірлер, индекстер және т.б.) prshy@mail.kz электронды поштасына жібере алады. Материалдар 2022 жылдың 21 ақпаны мен 20 наурызы аралығында қабылданады. Аудару, бейімдеу қызметін «PR-шы» Клубы тегін көрсетеді.
Аудармаға арналған материалдар мәтін түрінде, Word форматында (.doc, .docx) қабылданады. Бейне/аудио файлдар, басқа форматтар қабылданбайды.
Анықтама:
«PR-шы» Клубы 2002 жылы құрылды. Клуб – Қазақстанның бизнес құрылымдары, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен PR-агенттіктерде қызмет ететін PR-менеджерлерінің бейресми бірлестігі. Қазіргі уақытта Қазақстандағы 80-нен астам қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби маман Клубтың мүшесі болып табылады.
Қосымша сұрақтар бойынша:
«PR-shy» клубының вице-президенті Айбар Олжаев
prshy@mail.kz, 8 707 322 73 21