Маңғыстау облысы «Бекет-Ата» орталық мешітінде әйел жамағаты арасында 26 ақпан күні Маңғыстау облысы Дін істері басқарамасы ақпараттық-түсіндіру тобынының мүшесі, психолог Динара Мухамбетованың ұйымдастыруымен «Позитвті ойлау – күнә емес» тақырыбында интеллектуалды семинар-тренинг өтті. Шараға Маңғыстау облысына танымал, мотиватор, кәсіпкер Әлия Тұман қатысты.
Өзін-өзі сендіру, өзін-өзі иландыру (самовнушение) негізіне сүйенетін аффирмация түсінігі «мысли материальны» дейтін пәлсафадан бастау алса керек. Не ойласаң, сол болады. Сол себепті, жақсы әрі позитивті дүниелерді ойлау керек, оны өз түйсігіне қабылдатып, ажырамас бөлігіне айналдыру үшін күнделікті қайталап отыру керек.
Исламда позитивті ойларды ойлау, позитивті нәрселерді айту құп көрілген. Ал негізсіз негативті ырым-нанымдармен санамызды шаршатпауға шақырады.
Бұны Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Исламда Тияра жоқ, яғни жаман ырымға балау жоқ. Ең жақсысы фәл» – деді. Сонда қасындағылар: «Фәл деген не?», – деп сұрады. Пайғамбарымыз: «Сендердің әрбіреуіңнің еститін – жақсы сөз», –деген
Келесі бір «Пендем мені қалай ойласа, мен сондаймын» дейтін құдси хадистен түсінуге болады.
Немесе «Аллаға жəне ақырет күніне сенетін адам жақсы нəрселер айтсын, болмаса үндемесін», – деп бұйырған хадистің де бір мағынасы сол десек қателеспеспіз.
Бірақ, исламда әр нәрсе Алланың қалауымен болады. «Құдайдың қалауынсыз қурай да сынбайды» деген нақыл сөз содан қалған. Мұсылман «әр нәрсе Алладан» деп сенеді. Сол себепті, «әр нәрсе Алланың қалауымен болады, Алла қаламаса болмайды» дейтін сенім негізінде позитивті нәрселерді айтып жүрсе, оның діни тұрғыда еш ағаттығы жоқ. Мәселен, «ИншаАлла, үйім болады», «ИншаАлла, көлік аламын», «Алла қаласа, жазылып кетемін» деген сияқты. (Аффирмацияда осы шақта айтылу керек екен).
Ойдағы жоспарларымыз Алла қаласа жүзеге асады, Алла қаламаса жүзеге аспайды. Жүзеге аспаған күннің өзінде мұсылман қайғырмайды, өйткені жоспарымыздың жүзеге аспауының астарында біз үшін бізге белгісіз жақсылық жатқан болуы әбден мүмкін. Бұл да позитивті ой. Бұл түсініктің де шариғат тұрғысынан құпталған, яғни ниеттің дұрыс болуы мен дұрыс ниет ете білу мағынансында қалыптасу.
Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша «ниет», «түрткі», «кірісу», «жігерлену», «ынталану» сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғым да діни тұғыдан жақсы, оң, дұрыс көрілген іске жатады. Себебі бір адамды дұрыс ниетке баулы мақсатында белгілі бір тұлға, іс, зат арқылы жігерлендіру де ислам тұрғысынан құпталатыны белгілі. Өйткені адам үнемі жоғары деңгейде жігерлі бола бермейді.
Кездесу соңында мотиватор Әлия Тұман, психолог маман Динара Русланқызы жамағаттың көкейінде жүрген әртүрлі сұрақтарына жауап беріп, интеллектуалды сұрақ-жауап сайыс түрін ұйымдастырып, дұрыс әрі нақты жауап берген қатысушыларға кітаптай сыйлықтар берілді.